







Жуалының тарихы терең екеніне бірден-бір дәлел ол — петроглифтер. Осыны негізге ала отырып логотипті абстрактты петроглиф стилінде салу шешілді. Бұл ерекшелік беріп, тарихи аудан ретінде есте калуға көмектеспек. Әрі қарайғы дизайндар да сонымен байланыстырылды. Бай жайқалған жасыл табиғаты мен қызғалдақтары, таутеке, 3 тауы логотипте бейнеленген.