






Логотипте негізгі символ ретінде - домбыра алынды. Жыр алыбы Жамбыл атамызды домбырасыз елестету мүмкін емес еді. Ал 5 санындағы ою-өрнек қызғалдақ іспетті бейнеленді. Жамбыл өңірінің бай табиғатын бұл көрініс жан-жақты көрсетіп тұр. Шақыру қағазы мен сыйлықтарда көрініс тапқан өрнек - Айша бибі кесенесінен алынған күрделі архитектрулық бейне. Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласының бай мұрасын көрсету біз үшін зор мақтаныш.